Қажеттілік және кездейсоқтық

lat: Qajettilik jáne kezdeısoqtyq

Процесті негіздеуге оның жекелеген формаларының қатынасын білдіретін философиялық категориялар. Мәнінің жүзеге асырылуы мен дамытылуы болғандықтан, белгілі бір құбылыстар қажет, бірақ ол жалқылығы, қайталанбайтындығы жағынан кездейсоқ сияқты болып көрінеді. Басқаша айтқанда, қажеттілік дегеніміз белгілі бір жағдайларда міндетті түрде болуға тиісті, алайда болып жатқан мәніне ғана емес, сонымен қатар оның көріністерінің қалыптасқан жағдайларына да тәуелді формада болатын нәрсе. Қажеттіліктің жүзеге асырылуының нақты формасы әр түрлі болуы мүмкін: ал процестің негізделуі жөнінде ол кездейсоқтық сияқты көрінеді. Құбылыстарлдың өзара байланысына, олардың дамуына метафизикалық соқыр сенімдік эмпирикалық көзқарас жағдайында адам шешілмейтін қайшылыққа кезігеді. Біріншіден, барлық құбылыстар, оқиғалар және т.б белгілі бір себептің ықпалымен пайда болады, демек олар пайда болмай қоймайды. Екіншіден,олардың пайда болуы түрлі жағдайлардың заңына байланысты, осы жағдайлар кезінде сол себеп әрекет жасайды, олардың болап білуге болмайтын ұштасуы мұндай көріністі міндетті емес, кездейсоқ түрдегі көрініс етеді. Шешілмейтін болғандықтан бұл қайшылық, метафизикалық ойлау не фатализмге келіп сайып, бұл орайда кез келген оқига бастапқыда алдын ала анықталып қойылған болып шығады, не релятивизм мен индетерминизмге (Детерминизм мен индетерминизм) әкеп соғады да, сайьп келгенде кездейсоқтықтардың берекесіздігіне бастайды. Мұның екеуіне де адамның саналы іс-әрекеті мағынасыз болып шығады. Қажеттілік және кездейсоқтықтың ішкі өзара байланысын даму процесінің түпкі қайшылықты шешудің белгілі бір әдісі негізінде бірен-саран оқиғалардың қайталанбас формаларда қалыптасуы ретіндегі диалекткалық тұрғыдан ғана ұғынуға болады. Кез келген процесс бұрыннан пісіп жетілген кейбір қайшылықтың кеңістік пен уақьггтағы шешілуі болып табылады. Қайшылық пісіп-жетілгендіктен, ол қажетті түрде шешілуге тиіс, бірақ бұл процестің формасы әр түрлі және қайталанбастығы себепті кездейсоқ болуы мүмкін, өйткені сол кезеңде ми сол жағдайда оған неғұрлым кең немесе басқа негізде туған көптеген оқиғалар мен құбылыстар қатысады. Сонымен қажеттілік яғни, қайшылықты сөзсіз шешу әдісі кездейсоқтық арасынан өзіне жол салады, ал кездейсоқтық қажеттіліктің «толықтырылуы мен көріну формасы болып шығады. Бұл ретте адамның мақсатты іс-қимылының міндеті алуан түрлі жалғыз-жарым, кездейсоқ оқиғалардың жағдайлардың жалпы негізінен арақатынасын анықтау және қайшылықтарды шешудің әдістерін бөліп көрсете отырын, ол жағдайларды өзгерту болып табылады. Маркстік философияке келген оқиғадан мәнді (қажетті және мәнсіз (кездейсоқ) қасиеттерді бөліп алуға болатынын негізге алады. Қажеттілік және кездейсоқтық - бірінен бірі өмір сүре алмайтын диалектикалық қарама-қайшылықтар. Кездейсоқтық сыртында әрқашая қажеттілік табиғат пен қоғамның даму барысын айқындайтын құбылыстардың қажетті негізі тұрады. "Сырттай қарағанда кездейсоқтық ойыны болып жататын жерде осы кездейсоқтықтың өзі әрқашан ішкі, жасырын заңдарға бағынған блоып шығады. Барлық мәселе осы заңдарды ашуда ғана». Ғылымның міндеті құбылыстардың кездейсоқ байланыстарынан олардың қажетті негізін аша білу. Қажетті байланыс күшінен айрылған жерде ғылым да тоқталады. Белгілі бір құбылыс күрделі болып, оның дамуы қаншалықты көп кездейсоқтыққа тәуелді болса да, оны сайып келгенде объективті заңдар, қажеттілік басқарады. Диалектикалық материализм қажеттілік және кездейсоқтықтың байланысын ғана емес, іске асуын да түсінуге көмектеседі. Қазіргі ғылым қажеттілік және кездейсоқтық мәні туралы диалектикалық - материалистік тұжырымдарды жаңа деректермен байытуда (Ықтималдар теориясы, Статистикалық және динамикалық заңдылық).